2002 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін әл-Фараби ҚазҰУ география факультетінің геоэкология және табиғи орта мониторингі кафедрасында ұстаз, кейін аға оқытушы жұмысың атқарды. 2007 жылдан бастап туризм кафедрасында доцент қызметін атқаруда. 2005-2008 жылдары география факультетінің Жас ғалымдар және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңесінің төрағасы, 2008-2010 жж. (қыркүйек) университеттің УЖҒ төрағасы болды. 2004-2006, 2008-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі белгілеген «Қазақстан Республикасының дарынды жас ғалымдары» мемлекеттік стипендиясының лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік педагог, 2011 ж., 2022 ж.» иегері болды. Республикалық және университеттік деңгейде келесі іс-шараларды өткізуге жауапты және ұйымдастырушысы болды: мектеп оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар (наурыз-сәуір, 2009, 2010 ж.), жыл сайынғы студенттік конференциялар «Ғылым әлемі», секциялық география (сәуір, 2005-2010 ж.), география және гидрометеорология (30 сәуір 2009 ж., 2010 ж.), «Жас эколог» мектебіндегі сабақтар, география-экология блогы (қараша-желтоқсан, 2007-2009 ж.) секциялар бойынша республиканың жоғары оқу орындары студенттерінің пәндік олимпиадалары; т.б. 2005- 2020 жылдары Әл-Фараби ҚазҰУ технопарк ғылыми мәселелер бойынша директоры орынбасары қызметін атқарды, туризм мамандығының 4 курс қазақ бөлімінің куратор-эдвайзеры. А.С. Ақтымбаева облыстық және халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, ғылыми-әдістемелік материалдар дайындап, «ашық» лекциялар оқып, кәсіби деңгейін үнемі көтеріп отырады. 2009, 2016 жылдың қараша айында «Туризм» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті (ҚазҰУ ККИ), 2010 жылдың тамызында - Abaсus компаниясының базасында брондау жүйесі бойынша курстар, 2016 жылы - Sabrе брондау жүйесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті. 2007 жылы «ҚазҰУ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың үздік жетекшісі», 2008 жылы (қаңтар) «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дипломымен, 2008 жылы 27 ақпанда «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» дипломымен марапатталды. Ғылами дәрежесі: география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Ғылыми қызығушылықтар аясы антропогендік әсер ету жағдайында экожүйелердің экологиялық тұрақтылығы мәселелерін, сонымен қатар геожүйелердегі туристік-рекреациялық жүктемені бағалауды қамтиды. Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелері 100 астам ғылыми еңбектері
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Жоғары |
2002 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
Кандидат |
27.02.2008 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
13.11.2020 |
Сыйлықақылар атауы | Берілген күні |
Мемлекеттік грант "2011 жылғы ЖОО үздік оқытушысы" | 09.01.2012 |
«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ҚР БҒМ төсбелгісі |
19
құжаттар
6